Қоғам • 19 Қаңтар, 2024

Аязға қараған жоқ. Басшыны зейнетке шығарудың ерекше рәсімі өтті

3947 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында  басқарма бастығын  зейнетке шығарып салудың ерекше рәсімі өтті, деп хабарлайды  Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аязға қараған жоқ. Басшыны зейнетке шығарудың ерекше рәсімі өтті

Фото: qr_tjm

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты төтенше жағдайларды жою  басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Серік Наурызбаевты әріптестері зейнетке ерекше құрметпен  шығарып салды. Ұзақ жылғы еңбегінің нәтижесінде ортасына сыйлы болған басшыны әріптестері аязға қарамастан су шашып, құрмет көрсетті.