Қоғам • 19 Қаңтар, 2024

«Қомақты қаржы талап еткен». Бопсалаушының қанша миллион теңге сұрағаны айтылды

1117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында жәбірленушіні бопсалап қомақты қаржы талап еткен күдікті  ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Қомақты қаржы талап еткен». Бопсалаушының қанша миллион теңге сұрағаны айтылды

Фото: POLICE_of_KZ

«Өскеменде полиция қызметкерлері бопсалаушыны ұстады. 26 жастағы әйелді жедел уәкілдер ақша алу кезінде қолға түсірді. Күдікті жеке мәліметтерді жарияламау үшін 6 млн теңге талап еткен. Оңай олжаға кенелмек болған ол соманың бір бөлігін алу кезінде ұсталды. Қазір аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», делінген ақпаратта.

Жеңіл жолмен баюды көздеген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.