Қоғам • 19 Қаңтар, 2024

"Діні мен тілінен жырақтап қалған Жәнібектер": Қымбат Досжан Бельгияда өскен қазақ жігітінің анасы табылғанын жазды

4277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бармысың, бауырым!» бағдарламасының жүргізушісі әрі редакторы Қымбат Досжан Бельгияда өскен қазақ баласы Жәнібекке қатысты кезекті жазбасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Діні мен тілінен жырақтап қалған Жәнібектер": Қымбат Досжан Бельгияда өскен қазақ жігітінің анасы табылғанын жазды

Журналистің мәліметінше, Жәнібектің анасын іздеу жұмыстары барысында бельгиялық отбасы асырап алған тағы бір Жәнібек табылған.

«Арқалықтан Бельгияға кеткен асыранды балалардың ішінде Жәнібек есімді тағы бір баланың болғаны анықталды.

Екінші Жәнібектің туған анасы, нағашылары табылды, бүгін ДНҚ тапсырды. 

Шақшақ Жәнібектің құрметіне аталып, туған жері мен анасынан, діні мен тілінен жырақтап кеткен Жәнібектер...», делінген жарияланымда.