Спорт • 21 Қаңтар, 2024

Полина Омельчук – жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдердің IV қысқы Олимпиада ойындарында Полина Омельчук қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды  Egemen.kz  Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

 

Полина Омельчук  – жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері

Turizm_jane_sport_ministrligi

Шорт-тректен 1000 метр қашықтықта финалдық сында бағын сынаған П.Омельчук  1:41:600 уақыт көрсеткішімен қола жүлде иеленді.  Қысқы Олимпиаданың алтыны мен күміс  медалін қытайлық  Ли Жинзи мен  Ян Жингру олжалады.  Жасөспірімдер додасының екінші күнінде еліміздің еншісіне  екінші жүлде бұйырып отыр.

Кеше  шаңғымен  тұғырдан секіру сынында Илья Мизерных  Олимпиаданың алтынын иеленген болатын.