dw.com
«Біз бейбітшілікті орнату үшін екі мемлекеттің тыныш өмір сүруіне үндейтін бітімгерлік сөзді сырт көз айтқаны дұрыс деп санаймыз», деді Ж.Боррель. Бірақ оған Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху 30 жыл бойы бұлталаққа салынып, тіпті мұндай келісім жасасуға көнбей «бойкот жариялағанын» да мәлімдеді.
«Израиль үкіметі Палестинаның Фатх билігін күйрету үшін ХАМАС ұйымын өздері ұйымдастырып қаржыландырды. Егер біз қазір бел шешіп араласпасақ кеш қаламыз, екі елдің дүрдараздығы мен көрсетер зорлық-зомбылығы ұрпақтан-ұрпаққа «мұраға қалып» жалғаса береді», деді дипломат.