Қоғам • 22 Қаңтар, 2024

1 млрд теңге жымқырған қаржы пирамидасының басшысы ұсталды

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша Департаменті «Капитал Мечты» ЖШС қаржы пирамидасына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп жазады Egemen.kz.

1 млрд теңге жымқырған қаржы пирамидасының басшысы ұсталды

Фото: Sputnik/Абзал Калиев

ЖШС басшысына ай сайын салынған соманың 10% төлеу шартымен мүлікті сенімгерлік басқару шарттары мен қарыз беру шарттары негізінде салымшыларды тарту арқылы қаржылық пирамида құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін айып тағылды.

«Қаржы пирамидасының басшысына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде материалдық шығын келтірілгені анықталды, жалпы соммасы 1 млрд теңгеден асады», делінген ҚР ҚМА баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.

Қылмыстық іс сотқа жіберілді.