Қоғам • 22 Қаңтар, 2024

«Зейнеткерлерге 50 мың теңге төленеді». Министрлік алаяқтардан сақтануды сұрайды

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зейнетақысы 140 мың теңгеден аспайтын зейнеткерлерге мемлекеттен 50 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлем берілетіні туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, деп жазады Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Зейнеткерлерге 50 мың теңге төленеді». Министрлік алаяқтардан сақтануды сұрайды

Фото: gov.kz

«Мессенджерлерде зейнеткерлерге материалдық көмек төленетіні туралы жалған ақпарат таралып жатыр. Тағайындалған қаражатты алу үшін белгісіз адамдар Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласып, №2 нысанды толтыруды ұсынады.

Аталған материалдық көмек түрі жоқ екенін және мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылатынын хабарлаймыз.

Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз»,  делінген ақпаратта.