Ауыл • 22 Қаңтар, 2024

Ауылдағы мәдениет үйі

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданына қарас­ты Бисен ауылында су жаңа мәдениет үйі пайда­лануға берілді. Жаңа ғимарат «Ауыл – ел бесігі» мемле­кеттік бағдарламасы аясында салынған.

Ауылдағы мәдениет үйі

Ауылдағы мәдениет үйі­нің ашылу салтанатына об­лыс әкімінің орынбасары Тілеп­берген Қайыпов пен облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сайран Дүйсентегі арнайы келді.

– Ауылдық елді мекен­дердің әлеуметтік-экономи­ка­лық ахуалын жақсарту үшін мемле­кет тарапынан іргелі бағ­дарламалар қолға алынып отыр. Бір ғана біздің Батыс Қазақстан облысында 2023 жылы 17 мектептің құрылысы аяқталды. Осы ауданның өзін­­де бірнеше фельдшерлік-амбулаториялық пункт салын­ғанына өздеріңіз де куә­сіз­дер. Бү­гін, міне, «Ауыл – ел бе­сігі» бағдарламасы бойынша мә­дениет үйі пайдалануға беріліп отыр. Осындай жақсы істер 2024 жылы да жалғасады, – деді Тілепберген Қайыпов.

Жаңа ғимараттың құры­лысына 500 млн теңгеден ас­там қаржы жұмсалған екен. Мер­дігер «Қалдығайты» ЖШС 15 айға жоспарланған құрылыс жұмысын мерзімінен бұрын 9 ай ішінде аяқтап шыққан. Екі қабатты ғимаратта кең фойе, концерт залы, жекелеген қызметтік кабинеттер, жайлы әжетхана, тіпті душ кабиналары да бар. Бес адамдық штаты бар мәдениет үйінде домбыра, көркемсөз, вокал және ән-би үйірмелері жұмыс істейтін бо­лады.

Ауылдағы мәдениет оша­ғының жаңа маусымы аудан­дық халық театры әртістері да­йын­даған Г.Хугаевтың «Қара шекпен» атты әпсана-қойы­лымымен ашылды.

 

Батыс Қазақстан облысы