Үкімет • 23 Қаңтар, 2024

Күн тәртібі нақтыланды

42 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтіп, 25 қаңтардағы Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді.

Күн тәртібі нақтыланды

Соған сәйкес алдағы бейсенбіде сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы инвес­ти­цияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарайды. Бұл заң инвестициялық қызметті жүзеге асыруға қолайлы жағдай қалыптастыру арқылы тараптардың экономикалық ынтымақтастығын жандандыруға арналған. Сондай-ақ Құжат өтемақы төлеуді, халықаралық арбитражға қол жеткізуді, елдердің шетелдік инвестицияларға әділ және тең қатынасын қамтамасыз ету арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығарудан қорғауды қамтамасыз етеді.

Сенат отырысында «Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі мен Сингапур Респуб­ли­касының Үкіметі арасындағы Инвес­ти­цияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң да қаралады.

Келісімнің негізгі міндеті – инвесторлардың инвестициялық қызметті іске асыруы кезінде олардың құқықтарының кепілдіктерін бекі­ту арқылы ынтымақтастықтың құқықтық негі­зін қалыптастыру. Сонымен қатар Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заң­дар Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.