Табиғат • 23 Қаңтар, 2024

Келесі ескертуге дейін далаға шығу керек - ТЖД Алматыдағы жер сілкінісі туралы

4060 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде ғимараттардың қирауы мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Келесі ескертуге дейін далаға шығу керек - ТЖД Алматыдағы жер сілкінісі туралы

Бұл жайында қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен мәлімдеді.

«Ғимараттардың қирауы мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Тыныштық сақтауларыңызды сұраймыз. Қауіпсіздік мақсатында келесі ескертуге дейін далаға шығу керек», деді Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 5 балдық жер сілкінісі сезілген болатын.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы аумағында болды.

Соңғы жаңалықтар

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58

Қолжетімді сапалы дерек

Digital • Бүгін, 08:55

Саладағы цифрлық серпін

Білім • Бүгін, 08:53

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Жанға жайлы жатақхана

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Шынайы өнер шеруі

Театр • Бүгін, 08:40

Терең тағылым

Руханият • Бүгін, 08:38

«Наршаның сөзі – баршаның сөзі»

Руханият • Бүгін, 08:32