Қоғам • 23 Қаңтар, 2024

Алматы аумағында жойқын жер сілкінісі күтілмейді - министр

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта өңірлерде ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде қорғаныш гидротехникалық объектілердің ықтимал бұзылуына комиссиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы аумағында жойқын жер сілкінісі күтілмейді - министр

фото: gov.kz

Министрдің айтуынша, сейсмикалық болжау комиссиясының өткізілген отырысына сәйкес Алматы қаласының аумағында қатты және жойқын жер сілкінісі күтілмейді.
«Осыған байланысты, өңірлердің тұрғындарынан дүрбелеңге түспеуін және тек ресми дереккөздерге сенуін сұраймын. ТЖ департаменттері азаматтардың барлық хабарламасын тіркеп, дереу барып жатыр. Сонымен қатар халық арасында жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер бойынша кең үгіт-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», деді министр.