Қоғам • 23 Қаңтар, 2024

Сейсмологтар тағы бір жер сілкінісін тіркеді

873 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі кезекті жер сілкінісін тіркеді. Оның ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 263 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сейсмологтар тағы бір жер сілкінісін тіркеді

Фото: kz.kursiv.media

Жер сілкінісі 2024 жылдың 23 қаңтарында Алматы уақытымен сағат 13:19-да тіркелді.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 263 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Дүмпулер Қазақстан аумағында сезілген жоқ», делінген мамандар таратқан хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,5. Магнитудасы MPV – 4,5. Эпицентр координаттары – 41,15° солтүстік. 78,48° E. Тереңдігі – 5 км.

 

Еске салайық, 2024 жылдың 23 қаңтарына қараған түні Алматыда жер сілкінісі болды. Алматы тұрғындары сезінген жерасты дүмпулер бес баллға жетті.