Спорт • 23 Қаңтар, 2024

Әлем кубогына аттанды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нысана көздеуден  Мысырдың Каир  қаласында өтетін  әлем кубогының кезеңіне қатысатын спортшылар аттанды, деп хабарлайды  Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлем кубогына аттанды

Фото: kazsports.kz

24 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтетін әлем кубогының кезеңіне 66 елден 625 спортшы  қатысады.  Айтулы додаға елімізден 15 спортшы қосылады.

Константин Малиновский, Никита Шахторин, Юрий Юрков, Елизавета Безрукова, Арина Алтухова, Александра Ле винтовкамен, ал  Эльдар Иманқұлов, Валерий Рахимжан, Кирилл Цуканов, Ирина Юнусметова, Валерия Попелова, Малика Сейл, Никита Чирюкин, Руслан Юнусметов, Артемий Кабаков тапаншамен көздеуде сынға түседі.

Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасының 5 лицензиясына ие. Былтырғы жылы  әлем кубогының 11 кезеңінен Қазақстанның  мергендері нысана көздеуден  6 алтын, 7 күміс, 5 қола  жүлде олжалаған еді.