ФОТО: zhaikpress.kz
Грэпплинг спорты – соңғы кезде өте қарқынды дамып, жасөспірімдердің қызығушылығын оятып жүрген жекпе-жек түрі. Әлемде кең тараған бұл сайыс күшті мейлінше үнемдеп, шапшаң жеңіске жетудің тиімді тәсілін табуымен ерекшеленеді екен.
Жаңа спорт клубы Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен ашылды. Клубтың ашылу салтанатына Орал қаласынан грэпплинг облыстық федерациясының төрағасы аға жаттықтырушы Алмаз Ихсанов, осы күрестен әлем чемпиондары Азамат Меңғайыр мен Армат Қабдолов арнайы келді. Олар жекпе-жектің әдіс-тәсілдерін көрсетіп, шеберлік сабағын өткізді.
– Біз бұл үйірмені жергілікті жастардың сұрауына сай ашып отырмыз. Жастардың спортқа деген ынтасын қолдауымыз керек. Епті, жігерлі, төзімді, қайратты, ер мінезді ел қорғаны болатын жігіттер осындай үйірмелерде құрыштай шыңдалып шығады, – дейді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Мәулен Салахаден.
Батыс Қазақстан облысы