фото: ҚР ТЖМ
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үйде жиһаздар мен төбенің бір бөлігі жанып жатқанын анықтады. Өрт аумағы шамамен 40 шаршы метрді құрады.
«1936 жылы туған үй иесі өрт орнынан жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Өрт орнынан 50 литрлік 1 газ баллоны шығарылды. Өрт 17:41-де оқшауланып, 17:56-да сөндірілді», деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті.