Аймақтар • 24 Қаңтар, 2024

Алматыдан 260 шақырым жерде тағы екі жер сілкінісі тіркелді

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми орталығының сейсмологтары 24 қаңтар күні күндіз Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған жер сілкінісінің эпицентрінде тағы екі жер асты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдан 260 шақырым жерде тағы екі жер сілкінісі тіркелді

Фото: cdnn21.img.ria.ru

24 қаңтар күні сағат 12:29-да Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 252 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді.

35 минуттан кейін сағат 13:04-те Қазақстан мегаполисінен 267 шақырым жерде, дәлірек айтқанда Қытай аумағында тағы бір жерасты дүмпуі тіркелді.

Екі жағдайда да Қазақстанда дүмпулер сезілген жоқ.

Магнитудасы – 4,5 және 4,8.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі Алматыдан 211–268 шақырым жерде бір сағаттан сәл астам уақыт ішінде үш рет жер асты дүмпуін тіркеді.