Спорт • 24 Қаңтар, 2024

Медаль бұйырмады

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяның  Канвон қаласында өтіп жатқан қысқы спорт түрлерінен IV жасөспірімдер Олимпиадасында  ұлттық құрама спортшылары  медаль үшін сынға түсті, деп  жазады  Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медаль бұйырмады

Фото: kazsports.kz

Биатлоннан аралас командалық эстафетада (4×6 км) Әлема Қарабаева, Эвелина Мезенцева, Кирилл Зотов пен Антон Редькин додаға қосылып,  11-орынды місе тұтты.

Жарысты Әлема сөреде 26 құраманың ішінде 8-номермен бастаған. Бұл сайыста Италия құрамасы Олимпиада чемпионы атанды,   Франция спортшылары  күміс, Чехия саңлақтары қола медаль  иеленді.

Биатлоннан еліміздің спортшылары жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарынан тағы да жүлдесіз қайтты.