Егемен Қазақстан • 24 Қаңтар, 2024

«Егемен жастар» әдеби кеші

85 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ел ертеңі тарихы мен мәдениетін төбесіне тұтқан рухты жастар қолында. Бұл тұрғыдан алғанда ұлттық кодты ту еткен шығармашыл жас қанаттың орны бөлек. Бүгінде еліміздің әр тарабында гейзер суындай талантымен тасқындап жаңа бұлақтар көзін ашып жатыр.

«Егемен жастар» әдеби кеші

Қаңтар айының 25 жұл­дызында, 17.00-де «Egemen Qazaqstan» газеті редакциясында «Егемен жастар» атты әдеби кеш өтеді. Әдеби кеште өлеңдер мен прозалық шығармалар оқылып, белгілі дәстүрлі әнші Сәулежан Тағ­зия және айтулы күйші Қай­рат Айтбаев өнер көрсе­теді. Әдеби кешке жазушылар Асқар Алтай, Қуаныш Жиенбай, ақындар Сұраған Рахметұлы, Дәулеткерей Кәп­ұлы, Қалқаман Сарин, Танакөз Толқынқызы қаты­сады.

«Кешегі Смағұл Сәдуа­қасұлы, Мұхтар Әуезов, Жү­­­сіпбек Аймауытұлы, Бе­йім­­­бет Май­лин, Сәкен Сей­фул­­лин, Шерх­ан Мұртаза, Әбіш Ке­кілбаев сынды қадау-қадау қа­ламгерлер еңбек еткен қара шаңырақ – «Egemen Qa­zaq­stan» газеті редакциясында бүгінгі егемен жастардың әдеби шығармашылық кеші өтуі үлкен шығармашылық сабақтастық деп білемін. Бұл кеш бұрынғы кештен өз­герек болмақ. Әдеби кеш­те жаңадан шыққан «Жұл­ды­зым­ның жорығы» атты поэзия кітабымның және жазушы Абай Аймағамбеттің «Бұ­рылысқа жарты қадам қал­ғанда» атты детектив жанрын­­­дағы жаңа романы­­ның тұсауы кесіледі. Сонымен бірге газетіміздің жас өрендері Сәндібек Асанәлі, Елігімай Төңкер, Абзал Мақаш өлең оқып, өнерлерін паш етеді. Кеш­ке Астана қаласында тұ­ратын қалам иелері мен әде­биетсүйер қауым өкілдері қаты­сады», деді ақын Жәнібек Әлиман.

Айта кетейік, кеш ұйыт­қысы – ақындар Жәні­бек Әлиман мен Батырхан Сәр­сенхан, жазушылар – Бақытбек Қадыр мен Абай Ай­мағамбет. «Egemen Qazaqstan» газетінде еңбек етіп жүрген талантты жастар әртүрлі жоғары марапаттарды иеленіп жүр.