Хоккей • 25 Қаңтар, 2024

Жасөспірімдер олимпиадасы: Хоккейшілер қоржынға қола медаль салды

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Канвонда өтіп жатқан Жасөспірімдер олимпиадасында ел құрамасы қоржынға үшінші медальді салды. Олар  (3х3) үшінші орын үшін айқаста Австрия құрамасын тізе бүктірді, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Жасөспірімдер олимпиадасы: Хоккейшілер қоржынға қола медаль салды

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Бүгін ел намысын қорғап жүрген жасөспірімдер хоккей құрамасы жартылай финалда Австриямен кездесті.

Тартысқа толы ойын біздің құрама жеңісімен қорытындыланды. 6:5 есебімен хоккейшілер қола медаль иеленді.

Бұған дейін Илья Мизерных (шаңғымен тұғырдан секіру) алтыннан алқа тақса,  Полина Омельчук (шорт-трек) қола медаль еншілеген еді.