Спорт • 25 Қаңтар, 2024

Ұпай үшін белдеседі

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Португалияның Одивелаш қаласында дзюдодан гран-при додасы басталады. Париж Олимпиадасының лицензиясы үшін рейтингтік ұпай берілетін додаға таңдаулы спортшылар қатысады, деп жазады Egemen.kz. Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасап. 

Ұпай үшін белдеседі

Фото: ijf.org

Осы жылдың түңлігін түрер алғашқы Гран-при сайысына ерлер құрамасы әр салмақта екі балуаннан қосылады.  

60 кг: Ержан Еренғайыпов, Дәурен Сүюкенов,

66 кг: Жанарыс Рахметқали, Нұрсұлтан Зайзағалиев,

73 кг: Жансай Смағұлов, Дархан Қойбағар,

81 кг: Айбол Нысанәлі, Мәди Амангелді,

90 кг: Айдар Арапов, Құдірет Досымов,

100 кг: Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев белдесуге түседі.

Әйелдер арасындағы бәсекеде әлем чемпионатының қола жүлдегері, Гран-при додасының чемпионы Әбиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева 48 келі салмақта сынға түседі.

57 кг: Бақыт Құссақбаева,

63 кг: Эсмигүл Куюлова,

78 кг: Аруна Жангельдина,

+78 кг: Камила Берліқаш күреседі.

Өткен жылы да қаңтар айының соңында дзюдодан Гран-при додасы осы Партугалия жерінде өтіп, Әбибә Әбужақынова чемпион атанса, Жансай Смағұлов пен Ғалия Тынбаева күміс медальмен оралған еді.