Спорт • 26 Қаңтар, 2024

«1 миллион доллар ұсынғанда, сатпадым». 100 жылда бір туаты­н тұлпардың иесі

6982 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Дубайдағы әлемдік додада Тілек Мұқанбетқалиевтың Кабир­хан атты сәйгүлігі Біріккен Араб Әмір­лік­теріндегі «Мейдан» ипподромында өткен бәйгеден әлемдік жарыста топ жарып, бас жүлдені иемденгенін білеміз.

«1 миллион доллар ұсынғанда, сатпадым». 100 жылда бір туаты­н тұлпардың иесі

Фото: @Dubai Racing Club

Тұлпардың иесі Тілек Мұқанбетқалиев біршама тың дерекпен бөлісті. Оның айтуын­ша, Кабирханның тұрқын көрген ат сыншылары оны 100 жылда бір туаты­н тұлпар деп бағалаған. Тоғыз рет бәй­геге шауып, соның сегізінде бірінші, тек біреуінен екінші келген Кабирханға ат ұстаушылардың назары бірден ауған.

«Кабирханды сат дегендер көп болды. Ресейден де сұрады. Бірақ келіспедік. Қанша ұсынғандары құпия болып қалсын. Ең көбі 1 миллион доллар берді, сатпадым», дейді аттың иесі.

Сондай-ақ ол жарыстарға қатысқан сайы­н Кабирханның рейтингі өсіп жатқанын жеткізді. «Біраз жүлде ұтты. Өз-өзін ақтап қойған. Ресейде 5,5 миллион рубль ұтты, теңгеге шақсақ, 27 миллион теңге. Ал Дубайда 126 мың дирхем жеңді. Енді оны бағаммен есептесек, 35 мың АҚШ доллары», деді Тілек Мұқанбетқалиев.