12 Маусым, 2010

РЕЙТИНГ – ІЛГЕРІЛЕУ КӨРСЕТКІШІ

538 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әділет министрі Р.Түсіпбековтің төрағалық етуімен комитеттер, құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен кезекті алқа отырысы болып өтті. Онда... “Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заң шығару институты” мемлекеттік мекемесінің қызметі және Дүниежүзілік экономи­калық банктің “Дуинг Бизнес” және Дүниежүзілік экономикалық фо­рум­ның бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексінің рейтингтеріндегі пози­цияны жақсарту жөніндегі жұмыс барысы қаралды. Әділет министрі Р.Түсіпбеков инс­титуттың құрылғанына жарты жылдан аз уақыт өткенімен, олардың өз қызметін жетілдіру бойынша нақты жұмыс атқарғанын атап көр­сетті. Сонымен қатар, өткен жылы да, қазіргі уақытта да бизнесті жүр­гізу кезінде әкімшілік кедергілерді жеңілдету бойынша едәуір жұмыс жүргізілгені айтылды. Сол сияқты халықаралық рей­тинг­тегі позицияны жақсарту мақ­сатында министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне ақпараттық-насихат жұмыстарын жандандыру және халықаралық ұйымдар өкілдерімен, жаһандық бәсекеге қабілеттілік рей­тингінің әлеуетті респонденттерімен өз­ара байланысты жандандыру жө­нінде тапсырма берілді, деп хабарлады Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.