Университет • 26 Қаңтар, 2024

Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытылады

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оксфорд университеті арасында келісімге қол қойылды. Оған сәйкес Оксфорд университетінде енді қазақ тілін оқытуды бастау жоспарланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызмметіне сілтеме жасап. 

Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытылады

Фото: kazaknews.kz

Ғылым және жоғары білім министрі мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының басшыларынан құралған Қазақстан делегациясы әлемдегі ең беделді университетке барды.

Іс-шараның екінші бөлімінде Білім және ғылым министрлігінің басшысы Саясат Нұрбек британдықтарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленген «Oxford Qazaq» сөздігінің бірінші басылымын таныстырды.

«Тіл – халқымыз үшін басты құндылықтардың бірі. Бүгін қазақ және ағылшын тіліндегі Oxford Qazaq сөздігін таныстыра отырып, біз жаңа тарихи белеске көтерілеміз. Соның арқасында әлем жұртшылығы біздің мәдениетіміз бен халқымыздың тарихы туралы мол мәлімет білетін болады. Біз қазақ тілін тек қағаз жүзінде ғана емес, мемлекеттік тілді дамытуды цифрландыру арқылы белсенді түрде жүзеге асырамыз», деді министр.

Айта кету керек, өткен жылдың соңында қазақша-ағылшынша Oxford Qazaq сөздігі жарыққа шыққан болатын. Алғашқы басылым 1300 беттен тұрып, 60 мыңнан астам сөзді қамтыды. Ол Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының мамандарының қатысуымен 4 жыл бойы құрастырылды. Сәйкесінше, онда екі тілдің лексикасындағы өзгерістер және қазіргі мәдениет пен ғылым саласына қатысты соңғы жаңалықтардың енгенін атап кеткен жөн.