Фото: metroalmaty.kz
Әлеуметтік желіде Алматыдағы метроның жұмысы тоқтағаны туралы видеолар тарады. Осыдан кейін Алматы метрополитені жағдайды түсіндірді.
«26 қаңтар таңғы уақытта Райымбек бекетінде ақпараттық байланыс желісінің жұмысынан ақау табылуына байланысты метро пойыздары қолмен басқару режиміне ауыстырылды. Осы орайда барлық бекеттерде пойыздардың жүріс интервалы уақытша ұзарды. Бұл метродағы жүру қауіпсіздігіне еш әсер еткен жоқ. Мамандар жұмыс істеп, көп ұзамай үйреншікті интервал қайта қалпына келді. Қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз», делінген хабарламада.
Қазір Алматы метрополитені штаттық режимде жұмыс істеп тұр.