Аймақтар • 26 Қаңтар, 2024

Алматы тұрғындары 2 баллдық жер сілкінісін сезінді

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 қаңтарда Алматыда тағы да жер сілкінісі болды. Жер дүмпулерінің сезімталдығы екі баллға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы тұрғындары 2 баллдық жер сілкінісін сезінді

фото: aikyn.kz

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 2024 жылғы 26 қаңтарда 14 сағат 17 минут 56 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 269 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,1. Магнитудасы MPV 4,9. Эпицентр координаты 41,09° солтүстік, 78,49° шығыс. Тереңдігі 5 км. Байқау мүмкіндігі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы 2 балл», делінген хабарламада.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар департаменті Алматыда дүмпулердің неліктен жалғасып жатқанын түсіндірді.

Еске салайық, 23 қаңтарға қараған түні Алматы тұрғындары қатты жер сілкінісін сезінді. Ол кезде жер сілкінісінің күші 5 баллды құрады.