Ауа райы • 27 Қаңтар, 2024

Қар, тұман, көктайғақ: сенбіде елдің бірнеше өңірінде күн бұзылады

955 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 27 қаңтарда еліміздің 10 өңірінде жаяу бұрқасын мен екпіні күшті жел соғып, тұман түсіп, көктайғақ болатынын болжады және бірнеше өңірде қар жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қар, тұман, көктайғақ: сенбіде елдің бірнеше өңірінде күн бұзылады

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ұлытау облысының шығысында жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде тұман.

Қарағанды облысының солтүстігінде бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 болады. 

Ақмола облысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын, шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші – 15-20 м/с.

Шымкенте түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының солтүстік-шығысында, шығысында қар жауады, бұрқасын болады. Облыстың батысында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні – 15 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында түнде екпіні – 15-20 м/с. 

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.