Спорт • 28 Қаңтар, 2024

Дубайда тағы да дара келді

639 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дубайды дүбірлеткен қазақ тұлпары мәре сызы­ғын тағы бірінші болып кесті. Тілек Мұқан­бет­қалиевтің тұлпары Кәбірхан «Al Maktoum Challenge» турнирінің бірінші топтағы үздік аттар бәйгесінде топ жарды.

Дубайда тағы да дара келді

Атақты «Meydan» ипподро­мында өткен «Al Maktoum Challenge» – барша әлем көз тік­кен мәртебелі бәйге. Аталған бәйгеде 12 тұлпар жарыс жолына шық­ты. Оның ішінде экс-чемпион Мими Какуши және классика­ның үздіктері Атлетико Эль Кулано, Клэптон, Фёрст Конститьюшен, Милитари Ло болды.

сми

Дубайдағы беделді бәйгеде жеңіске жеткен сәйгүліктің иесі Тілек Мұқан­бет­қалиевті 27 қаң­тарда Астана әуежайынан Ұлттық спорт қауымдастығы мен бірнеше БАҚ өкілдері күтіп алды.

– Барлығы ойдағыдай өтті. Қатты қуандық. Бұл Қазақстан тарихында болмаған жайт. Алда жоспар көп. 30 наурызда 27-рет өтетін Дубай кубогіне қатысамыз, – деді Кәбірханның иесі.