Спорт • 29 Қаңтар, 2024

Қазақстанда биатлоннан қысқы Азия чемпионаты өтеді

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысына қарасты Щучье қаласында биатлоннан жастар және жасөспірімдер арасында қысқы Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан биатлоншылар одағының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, құрлықтық додаға Азияның 7 елінен келетін 100-ден астам жас спортшы қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда биатлоннан қысқы Азия чемпионаты өтеді

Фото: biathlon_kaz/Instagram

Азия чемпионаты наурыздың 10-20 күндері аралығында Щучье қаласындағы қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы базасында өтеді. Қатысушылар 3 сайыс бойынша сынға түседі. Олардың қатарында Қытай Тайпейі, Жапония, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Қырғызстан, Таиланд, Қазақстан бар.

Жарыс Азия биатлон федерациясының қолдауымен өтеді.

Жарыс бағдарламасы:                        

12 наурыз – Жеке жарыс (жасөспірім ұлдар, жасөспірім қыздар)
13 наурыз – Жеке жарыс (жеткіншек ұлдар, жеткіншек қыздар)
14 наурыз – Спринт (жеткіншек ұлдар, жеткіншек қыздар)
15 наурыз – Спринт (жасөспірім ұлдар, жасөспірім қыздар)
16 наурыз – Із кесу (жеткіншек ұлдар, жеткіншек қыздар)
17 наурыз – Із кесу (жасөспірім ұлдар, жасөспірім қыздар)

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35