Теннис • 30 Қаңтар, 2024

Бас жүлде Синнерге бұйырды

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мельбурнде өткен Аустралияның ашық біріншілігінің ерлер арасындағы сайысы Италия теннисшісі Янник Синнердің жеңісімен аяқталды.

Бас жүлде Синнерге бұйырды

АТР рейтингінде төртінші орында тұрған Я.Синнер финалда әлемнің үшінші ракеткасы Даниил Медведевпен күш сынасты. Алғашқы екі сет 6:3, 6:3 есебімен ресейлік ойыншының пайдасына шешілгенде енді оны тоқтату мүмкін еместей көрінген еді. Алайда шешуші тұста Апеннин түбегінің өкілі ширақ қимылдап, жеңісті қарсыласының уысынан жұлып әкетті. Соңғы үш сет 6:4, 6:4, 6:3 есебімен аяқталды. Сөйтіп, 22 жастағы Янник өзінің спорттық жолындағы алғашқы «Үлкен дулығаға» ие болды. Осыған дейінгі оның ең үздік көрсеткіші былтыр Уимблдонның жартылай финалына дейін жетуі еді.

Жасыл құрлықтағы жарыста Янник Син­нер Даниил Медведевтен бөлек, Ботик ван де Зандсхулп пен Йеспер де Йонг (Нидерланд), Себастьян Баэс (Аргентина), Карен Хачанов пен Андрей Рублев (Ресей) және Новак Джо­кович (Сербия) сынды саңлақтарға сан соқтырды.