Алматы • 30 Қаңтар, 2024

Сынамасыз сатудың да сұрауы бар

108 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Аңғарған адамға бүгінде барлық салада бақылау мен тәртіптің күшейіп келе жатқаны байқалады. Мәселен, Алматыда сатушыларға зергерлік бұйымдар мен әшекейлерді сынамасыз саудалағаны үшін жауапкершілік бар екені ескертілді.

Сынамасыз сатудың да сұрауы бар

Зергерлік бұйымдарды сатумен айналысатындарға тиісті таңбалар болмаған жағдайда қандай жауапкершілік қарас­ты­­рылған? Бұл туралы Алматы Өңір­лік коммуникациялар қыз­ме­­тінің брифингінде Сауда және интеграция министрлігі Тех­­ни­калық реттеу және метро­логия комитетінің Алматы қа­ла­лық департаментінің басшы­сы­ Қанат Қабылбеков баян­да­д­­ы.

Департамент жетекшісі сау­да нысандарына бармай-ақ 509 профилактикалық бақы­лау мен қадағалау жүргі­зі­ліп, нәтижесінде барлық жағ­дайда заң бұзу фактілері анық­тал­ғанын атап өтті.

«Бекітілген стандарт бойын­ша бағалы алтын металдарында барыс басты белгі мен Қазақстанның халықаралық аббревиатурасы – KZ болуға тиіс. Осы стандартты бұзу фактілері нақты анықталған жағдайда департамент бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды сатушыларға қатысты жоспардан тыс тек­се­­ру­лерді бастайды», деді Қ.Қабылбеков.

Департамент қызметкерлері айғақты материалдармен заңға ба­ғынбаудың дәлелді және нақты фактілері анықталған кез­де алтын бұйымды өткізу­шіге қатысты жос­пар­дан тыс тиісті тексеру таға­йын­далып қана қоймай, факті­лер расталған жағ­дайда Әкімшілік құқық бұзу­шы­лық туралы хаттама жасалады.

Жеке тұлғаларға – 50, лауа­зым­ды тұлғаларға, шағын кәсіп­кер­лік субъектілеріне – 80, орта кәсіп­керлік субъектілеріне – 100, ірі кәсіпкерлік субъек­ті­ле­ріне 150 АЕК мөлшерінде айып­пұл салынады.

«Сондай-ақ сатушыға заң­сыз­дықты жою туралы нұс­қау беріледі. Яғни сатушы­ өз өнімінің нормативтік құ­жат­­тандыру талаптарына сәй­кес келетіндігі туралы акт ал­ғаннан кейін, бас­ты­ сынамалық таңбамен таң­ба­лау­ды жүргізуі керек», деп түсін­дір­ді спикер.

Заң бұзу жойылып, мәселе реттелгеннен кейін зергерлік бұйымдар қайтадан саудаға шығарылуы мүмкін.

 

АЛМАТЫ