Үкімет • 29 Қаңтар, 2024

Бюро отырысы өтті

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата Бюросының отырысын өткізді. Жиында депутаттар 1 ақпандағы Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Бюро отырысы өтті

Фото: kazgazeta.kz

Алдағы бейсенбіде сенаторлар «2014 жылғы 29 ма­мыр­дағы Еуразиялық эконо­микалық одақ туралы шарт­қа Қырғыз Республикасы­ның қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еура­зиялық экономикалық одақ­тың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттар­ды және Еуразиялық эко­номикалық одақ орган­дары­ның актілерін қолдануы жөнін­дегі жағдайлар мен өтпе­лі ережелер туралы 2015 жыл­ғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарайды.

Аталған заңның норма­ларына сәйкес Қырғыз Рес­пуб­ли­касының Еуразия­лық эко­номикалық одақ­тың ке­ден­дік шекарасын­да­ғы өт­кізу пункттерін жайластыруды және ма­те­риалдық-техникалық жа­рақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін орындау мерзімін 108 айға дейін ұзарту ұсынылады.

Сонымен қатар Палата отырысында «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заңна­малық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және бала­лар­дың қауіп­сіздігі мәселе­лері бо­йын­ша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң қаралады. Бұл құжат осы салалардағы заңна­маны жетілдіруді көздей­ді. Мәселен, заңда мектеп, балабақша және аурухана құрылыстары есепке алын­баған жағдайда көпқабат­ты тұрғын үйлердің құрылысын шектеу нормасы қарастырылған.

Сондай-ақ Бюро отырысында Мәжілістен келіп түс­кен заңдар Сенаттың тұрақ­ты комитеттеріне бөлініп берілді.