Фото: zhalagash-zharshysy.kz
Қаңғыған иттер мен мысықтарды аулауға гельмен қапталған арнайы ілмектер пайдаланылады. Мамандар жануарлар иесі жанында болмаған жағдайда ғана ауланатындығын айтады. Сол мезетте арнайы акт жасалып, кейіннен изоляторларға қамалып, оларды клиникалық тексерістен өткізеді. Ыңғайлы етіп жасалған уақытша ұстау орындарында ауланған ит-мысыққа уақытылы тамақ беріледі.
Адамдарға шабуыл жасаған немесе ауру анықталған жануарларға 3 күн бойы дәрі-дәрмек беріледі. Одан аман иттер мен мысықтарға арнайы чип қойылып, стерилденеді, кастрацияланады. Бұл шаралардан кейін жануарлар иесі табылғанға дейін 14 күн изоляторда болады, иесі табылмаған жағдайда ауланған жеріне қайтадан жіберіледі.
Жыл басынан бері Қонаев қаласында 154 қаңғыған ит ауланған.