Айбын • 30 Қаңтар, 2024

Ақтауда теңіз жаяу әскері бригадасы жаңа техникамен толықты

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20-дан астам заманауи әскери техника «Батыс» аймақтық қолбасшылығының теңіз бригадасына алынды. Ол машиналарды жөндеуге, сүйреуге және эвакуациялауға арналған, деп хабарлайды Egemen.kz Қоғамдық коммуникация орталығы Ақтау гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтауда теңіз жаяу әскері бригадасы жаңа техникамен толықты

 

Ақтау гарнизонының №25744 әскери бөліміне темір жол көлігімен КамАЗ 43114 және КамАЗ 43118 техникалық көмек машиналары, сондай-ақ ПАЗ-32054 шағын класты автобустар жеткізілді.

«Жаңа техника қысқа мерзім ішінде жеткізілді. Мысалы, техникалық көмек машинасы (МТП) көп мақсатты автокөлік техникасын ағымдағы жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге және эвакуациялауға арналған. МТП жылдың кез келген уақытында және кез келген ауа райы жағдайында автокөлік техникасын жөндеу, эвакуациялау және қызмет көрсету бойынша кең функционалдық мүмкіндіктерге ие. Оқшаулау ретінде қалыңдығы 40 мм төмен жылу өткізгіштігі бар материалдар қолданылады, бұл қоршаған ортаның температурасы – 40 С° - тан + 40 С-қа дейін болғанда МТП пайдалануға мүмкіндік береді. Техника жан – жақты, ол кептеліп қалған автомобильдерді шығаруға, оларды сүйрету және жартылай тиеу әдісімен эвакуациялауға мүмкіндік береді», деп атап өтті бригада командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары Аслан Нұржанов.

Пр

Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі Қазақстан Республикасының Құрлық әскерлері арсеналында танктер, жаяу әскердің жауынгерлік машиналары, бронетранспортерлер, түрлі қуаттылықтағы және мақсаттағы артиллерия, танкке қарсы зымыран кешендері, зениттік зымыран кешендері, басқару құралдары, автоматты атыс қаруы бар екенін атап өтті.