Қазақстан • 30 Қаңтар, 2024

Арман Жүдебаев вице-министр қызметінен босатылды

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арман Жүдебаев мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Арман Жүдебаев вице-министр қызметінен босатылды

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Әділханұлы Жүдебаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды», делінген  ресми хабарламада.

Ол бұл қызметке 2023 жылдың шілде айында тағайындалған еді.

Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген.  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы «Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РМҚК-да аспаптар оркестрінің әртісі болып бастаған.

2009-2011 жылдары «Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ дирижерлеу кафедрасында оқытушы, 2011-2013 жылдары «Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ оқытушысы, аға оқытушысы, 2013-2018 жылдары «Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ бас дирижері болған.

Ал 2018-2023 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметін атқарды.

2023 жылғы мамырдан шілдеге дейін Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Мәдениет комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

2023 жылғы шілдеде мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды.