Көрме • 30 Қаңтар, 2024

Қылқалам шеберінің құнды мұрасы

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі Әбілхан Қастеевтің Керекуде сақталып тұр­ған суреттері баршылық. Н.Нұрмұхамедов атын­дағы өңірлік көркемсурет музейінің қорында қылқа­лам шеберінің 6 бейнесуреті және 35 түрлі түсті қарын­даштармен салған туындылары тұр.

Қылқалам шеберінің құнды мұрасы

Жуықта суретшінің 120 жыл­дық мерейтойына орай көрме ашылды.

пар

«Бұл картиналар өт­кен ғасыр­дың жылдары Т.Шев­чен­ко атындағы Қа­зақ­станның Мемлекеттік көр­кемсурет галереясынан, одан кейінгі жылдары Қазақ КСР суретшілер одағының, Қазақ КСР Мәдениет минис­тр­­лігінің көркемсурет көр­­ме­лерінің дирекциясынан алынды. Тағы бір туынды­сы («Табиғат көрінісі») ав­тордың отбасынан 1974 жылы сатып алынды», дей­­ді павлодарлық өнер­та­ну­шы Елена Дубовая.

ншщ

«Қамал жанындағы тас көпір» (1937) және «Ме­деу тауындағы Алматы өзе­нінің жазықтығы» (1937) сурет­тері алғашқы салын­ған картиналары қатарынан саналады. Қос туындының астына латын әрпімен қол қойылған және «1937 god, A.Qastejip» деп белгі соғылған.

дж

Ал «Ақсақалдың бейнесі» (1950), «Құда» (1972) және «Ғ.Мү­сіреповтің суре­ті» (1973) шебердің қалып­та­су кезеңдерін сипаттай­ды. Өкінішке қарай, Мүсі­ре­пов­тің бейнесі аяқталмай қалған.

лд

Өнер иесінің шығарма­шы­лығында негізгі тақырып – Отан мен ел-жер. Суретші оны ең­бек адамдарымен, олардың кә­сібімен, мал­шы­лардың табын­дарымен, егіншілердің дала қос­та­рымен байланысты нақ­ты өмірлік кезеңдерді көр­се­ту арқылы дамыта түс­кен. Мұны «Жайлау» (1963), «Шо­пандарға келген үгіт­шілер» (1964), «Киіз үй жа­нындағы әңгіме» (1969), «Шопандардың жаңа тұр­мысы» (1970) жұмыс­та­ры­нан анық аңғарамыз. Ал «Абайдың туған жері» (1961), «Ш.Уәлихановтың ту­ған жері» (1966), «Шежін тау­­лары» (1968) да керемет кес­кінделген.

олз

 

ПАВЛОДАР