Әлем • 30 Қаңтар, 2024

Миға салынған имплант

207 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Илон Масктың «Neuralink» нейротех­но­ло­гиялық компаниясы алғаш рет адам миына имплант салды. Бұл жаңалықты миллиардер өзінің «Х» парақшасында жариялады.

Миға салынған имплант

Жобаның негізі 2016 жыл­дың шілдесінде қаланған. Оның мақсаты − адам миына имплантацияланатын чиптер әзірлеу. Илонның айтуынша, нейрон­дық интерфейстер әлем­ді жасанды интеллектің алдын орауға қабілетті етеді. Масктың компаниясы өткен жылдың наурызында нейрондық чипті миына ерікті түрде салдыратын адам іздеген еді. Бүгінде алғашқы опера­ция­сы сәтті өтті. «Бірінші адамға «Neuralink» импланты салын­ды, операциядан кейін қалпына келу үдерісі жақсы жүріп жатыр», ­деп жазды Илон Маск.

Ми импланты бірінші кезекте мүмкіндігі шектеулі, сал ауруы­на шалдыққан, аяқ-қолынан айырылған адамдарға салынады. Әлемді таңырқатқан технология зағип жандарға көру қабілетін қалпына келтіруге және эпилеп­сиямен ауыратындарға ұста­ма­дан арылуға көмектеседі. Яғни чип мидағы дұрыс емес дүниенің бәрін түзете алады.

Имплант бас сүйектің астына орнатылып, элек­тродтардың көмегімен ми­ға қосылып, адам ағзасының функ­цияларын орындай бас­тайды. Компания 2024 жылы барлық аяғы сал болып қалған еріктілерге опера­ция жа­сауды жос­пар­лап отыр. Ал жұрт қорқып отырған миға дағды­лар­ды жүктеу және басқа да фан­­тас­тикалық артықшылықтар туралы әзірге сөз болған жоқ.

Алғашында опера­ция жа­нуар­ларға жасалды. 2020 жыл­дың та­мы­зында «Neuralink» мамандары шош­қаларды сәтті чиптеген еді. Инженерлер имплантты жа­нуарлардың миы­на енгізіп, со­дан кейін оны денсаулығына зиян келтірмей шығарып алды. Чиптің кө­ме­гімен ғалымдар сымсыз бай­­ланыс арнасы арқылы жа­нуардың миының тактильді ор­­та­лықтарының белсенділігін ба­қы­лай алды.

Кейінірек журналистер чип­терді енгізгеннен кейін сынақ жануарларында жағымсыз реак­циялар пайда болғанын біл­ді. Басқалармен қатар, ішінара пара­лич, диарея және ми­дың ісінуі тіркелді. Тіпті бірде чип са­­лынған бір маймылдағы чип­тің бекітпесі босап, бас сүйегіне зақым келген.