Экономика • 10 Сәуір, 2025

Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 8,7 пайызға өсті

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов ел экономикасын дамыту мәселесі жөнінде жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 8,7 пайызға өсті

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысының өндіріс көлемін ұлғайту мен өсу үрдісін бекіту бойынша тапсырмаларын орындау аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Биылғы қаңтар-наурыз айларында өңдеу өнеркәсібінде тұрақты оң серпін 8,7% деңгейінде сақталып отыр. Негізгі өсім машина жасау (17,7%), тамақ өндірісі (13,2%), машиналар мен жабдықтарды қоспағанда, дайын металл бұйымдары (28,7%) салаларындағы көрсеткіштердің өсуі арқасында қамтамасыз етілген. Сонымен қатар тау-кен өнеркәсібінде өсім (6,1%) байқалды.

Құрылыс саласында тоқсандық қорытынды негізінде өсу көрсеткіші 16,9%-ға жетті. Мектептер, автокөлік жолдары, теміржол желілері, инженерлік инфрақұрылым құрылысы бойынша жұмыс көлемінің артуы туралы баяндалды.

Премьер-министр отандық өндірістермен, оның ішінде Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыру шеңберінде өзара іс-қимылды арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша, биылғы қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8%-ды құрады. Нақты көлем индексі көлік саласында – 21%-ды, құрылыста – 16,9%-ды, өнеркәсіпте – 6,6%-ды, саудада – 6,3%-ды құрайды.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15