Аймақтар • 31 Қаңтар, 2024

Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі өткен түні сағат 04:27-де Қазақстан аумағында 2 балдық жер сілкінісі сезілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді

Фото: unsplash

«Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен  30 қаңтарда Қытай аумағында 6 жер сілкінісі тіркелді, оның біреуі Қазақстан аумағында 04 сағат 27 мин 36 секунд уақытта 2 балдық шкалада сезілді. Оның эпиорталығы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 293 км жерде Қытай аумағында орналасқан.  Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат болған жоқ. Жағдай тұрақты», делінген министрлік хабарламасында.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды сабыр сақтап, дүрбелеңге салынбауға шақырады.