12 Маусым, 2010

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС КҮШЕЙЕДІ

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтың төрағалығымен осы министрліктің және оның аймақтық органдарының сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстары қаралды. Оған онлайн желісі арқылы 1 мыңға тарта адам қатынасты. Мәжілісте баяндама жасаған министрліктің жауапты хатшысы Евгений Аманның айтуынша, бүгінгі таңда сыбайлас жемқор­лықпен күрес министрліктің ал­дын­дағы ең маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Өткен жылы осы мәселе бой­ынша министрлік құ­рылымдарын­да­ғы 62 қызметкерге шара қолданы­лып, оның 31-і жұ­мыс­тан босаты­лып, 12 адам қамау­ға алынды. Би­ыл­ғы жылдың 5 айында 12 қыз­мет­керге шара қол­данылып, 5 адам жұ­мыстан бо­са­тылды, 7 адам қамауға алынды. Осы ретте сыбайлас жем­қор­лық­тың көрінісі көбінесе АӨК мем­лекеттік инспекциялау коми­те­тін­де тіркелгенін айта кеткен жөн. Аталмыш нәтижелерге қол жеткізу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі іс-ша­ралар жоспарын әзірлеп, оны орын­дау үстінде. Мәжіліске қатысқан “Нұр Отан” ХДП Сыбайлас жемқор­лық­пен күрес жөніндегі респуб­ликалық кеңестің төрағасы Орал­бай Әбдікәрімов аталған мәселе­дегі министрлік жұ­мысына баға бере келе, еліміздегі ор­талық мем­лекеттік органдар арасын­да жем­қорлықпен күрес жөнінде онлайн режіміндегі мұндай ауқымды басқосуды Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірінші болып ұйымдастырғандығын, демек бү­гін­гі қаралып отырған мәселеден ми­нистр­ліктің көптеген қызмет­керлері сабақ ала алатындығын, шараның пайдасы да осы екендігін атап көрсетті. Сұңғат ӘЛІПБАЙ.