Балалар • 01 Ақпан, 2024

Балаларға Ұлттық қордан алғашқы төлем түсе бастады

573 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осы орайда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.

Балаларға Ұлттық қордан алғашқы төлем түсе бастады

Фото: gov.kz

- «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы бойынша БЖЗҚ-ға алғашқы нысаналы талаптар (18 жасқа дейінгі балаларға) есептелініп, нысаналы жинақтау шоттарына алғашқы нысаналы жинақтар (2024 жылы 18 жасқа толатын балаларға) түсті, - делінген ресми ақпаратта.

Еске салайық, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталмыш бағдарламаға кәмелетке толмаған, Қазақстан азаматы болып есептелетін барлық балалар қатысушы ретінде тіркелді.

Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны - 6 919 131 бала. Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады.

«Олардың барлығына өткен жыл үшін Қазақстанның Ұлттық қорынан 100 АҚШ доллары және 52 центі мөлшерінде бірдей сома есептелді. Бұл тек алғашқы есептеулер екенін түсіну маңызды. Жыл сайын бұл сома Ұлттық қор активтерінің өсуі және инвестициялық кіріс алу есебінен ұлғайып отырады. Бұдан бөлек, есептелген қаражат Ұлттық қордың валюталық активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастырады және Бағдарламаға қатысушы балаларға олар 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық кіріс әкеледі», делінген БЖЗҚ хабарламасында.

БЖЗҚ баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2024 жылы 18-ге толатын балаларға аталған сома олардың БЖЗҚ-да автоматты түрде ашылған нысаналы жинақтау шоттарына түсті. Бағдарламаның бұл қатысушылары өздерінің нысаналы жинақтарын тұрғын үйге немесе білім алуға кәмелетке толғаннан кейін бірден пайдалануға құқылы болады.

Нысаналы талаптарға/нысаналы жинақтауға қатысушылардың жынысы мен туған жылы бойынша саны:

туған жылы

жынысы

еркек

әйел

барлығы

2006

156 003

148 812

304 815

2007

169 535

161 122

330 657

2008

187 098

177 706

364 804

2009

185 549

174 688

360 237

2010

189 443

179 762

369 205

2011

191 954

181 958

373 912

2012

194 720

186 028

380 748

2013

199 283

187 910

387 193

2014

204 706

194 048

398 754

2015

204 745

193 648

398 393

2016

206 255

193 580

399 835

2017

200 683

188 487

389 170

2018

204 014

192 501

396 515

2019

206 223

193 756

399 979

2020

219 068

205 488

424 556

2021

228 076

215 192

443 268

2022

210 091

198 141

408 232

2023

200 654

188 204

388 858

барлығы

3 558 100

3 361 031

6 919 131