Тағайындау • 01 Ақпан, 2024

Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметіне кірісті

3041 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылдың 1 ақпанынан бастап Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қызметіне кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметіне кірісті

Фото: eec.eaeunion.org

Бұл қызметке Бақытжан Сағынтаев өткен жылдың 25 желтоқсанында тағайындалған. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамы 1 ақпан, яғни бүгіннен бастап жұмысын бастады. 

Сонымен қатар ЕЭК алқасының мүшелері (министрлер) бекітілді:

ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі - Гохар Барсегян;

ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар министрі - Варос Симонян;

ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі - Максим Ермолович;

ЕЭК Техникалық реттеу министрі - Валентин Татарицкий;

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты министрі - Бақыт Сұлтанов;

ЕЭК Кедендік ынтымақтастық министрі - Эльдар Әлішеров;

ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым министрі - Арзыбек Қожошев;

ЕЭК Интеграция және макроэкономика министрі - Сергей Глазьев;

ЕЭК Сауда министрі - Андрей Слепнев.