Денсаулық • 03 Ақпан, 2024

Көкшетауда 10 жастағы бала сүндетке отырғызғаннан кейін қайтыс болды

1067 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетауда 10 жастағы бала сүндеттелгеннен кейін көз жұмды. Оқиға Ақмола облыстық көпсалалы балалар ауруханасында тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетауда 10 жастағы бала сүндетке отырғызғаннан кейін қайтыс болды

БАҚ-та тараған дерекке қарағанда, операциядан кейін жасөспірім үйіне жіберілген. Алайда баланың денсаулығы нашарлап, екі күннен кейін қайта дәрігерге көрінген.

Алдын ала болжам бойынша, оның өліміне анафилактикалық шок себеп болуы мүмкін.

Осы облыстық көпсалалы балалар ауруханасында екі күн ішінде үш бала қайтыс болды. Олар түрлі сырқатпен диспансерлік есепте тұрған.