Аймақтар • 03 Ақпан, 2024

Майқайыңдағы апат: Құтқарушының каскасы, автобустың бөлшегі табылды

2053 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Майқайың Алтын» АҚ тау-кен телімі ауданындағы опырылған жерден құтқарушылар жаңа бөлшектерді тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Майқайыңдағы апат: Құтқарушының каскасы, автобустың бөлшегі табылды

- «Майқайың Алтын» АҚ кенішінде іздеу жұмыстары жүргізілген жерде бүгін жаңа бөлшектер, яғни құтқарушының каскасы, автобустың ішкі сөресі есігінің кішігірім бөлігі және де құтқарушының «XFERRA» қол радиостанциясы табылып, жер бетіне шығарылды, - деп жазды Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.

Еске салсақ, 4 қаңтарда шақыртуға шыққан құтқарушылардың автобусы алтын кенішінің шахтасына опырылып түсіп, апатқа ұшырағаны белгілі болды.

Оқиға орнында екі қызметкердің денесі табылды. Тағы екеуінің денесі әлі іздестіріліп жатыр.