Құқық • 05 Ақпан, 2024

Тұтынушы құқын қорғайтын тұжырымдама

87 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Ұлттық банк Open API және Open Banking-ті дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын жариялағалы да біршама уақыт өтті. Тұжырымдама тұтынушылардың құқығын қорғауға баса назар аудара отырып, қаржы секторын цифрлық трансформациялауды жүйелі және кезең-кезеңімен дамытуды жалғастыру мақсатында жасалған. Open Banking («Ашық банктік қызметтер») банктерге өз клиенттерінің деректеріне үшінші тарапқа тек клиенттердің келісімімен ғана қол жеткізуге және осылайша қызмет көрсетудің ыңғайлылығы мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, банкте Open API технологиясы клиент­ке көптеген шотты басқаруға және тұрақты төлемдер мен аударымдар жасауға, қаржылық есептілікті оңтайландыруға, кірістер мен шығыстарды талдауға мүмкіндік береді. Open Banking-ті енгізу халықаралық деңгейде танылған ақпарат алмасу хаттамасы болып саналатын Оpen API технологиясын қолдануға негізделген.

Тұтынушы құқын қорғайтын тұжырымдама

Тұжырымдаманы әзірлеу аясында Ұлттық банк, Қаржы на­рығын реттеу және дамыту агент­тігі және Бәсекелестікті қор­ғау және дамыту агенттігі рет­теушілері екінші деңгейлі банктермен (ЕДБ) алдын ала талқылаулар жүргізді. Сондай-ақ ЕДБ арасында API технологиясын пайдаланудың қазіргі мәртебесі нақтыланды.

Ашық банкинг тұжырым­да­ма­сын кезең-кезеңімен енгізудің стратегиялық жоспары аясында 2023 жылға жоспарланған қанатқақты жобаның негізгі ке­зең­де­ріне қол жеткізілді және іске асырылды. «Клиенттің ағым­дағы шоттары туралы ақпа­рат алмасу» сценарийін іске асыру бойынша қанатқақты жоба 2023 жылғы 1 қарашада іске қосылды. Оған 5 екінші деңгейлі банк қатысты. Операциялық модельге сәйкес, қатысушы банктер Open API платформасына қосылды, бұл оларға тиісті тексерулерден кейін әзірленген API-ді жариялауға және басқа қатысушылардың API-ге қо­сылуына мүмкіндік берді. API пай­даланушылары ретінде әре­кет ететін банктер өздерінің мобильді қосымшаларын сәтті аяқтады, фокус-топ мүшелеріне басқа қатысушы банктердегі шоттары туралы ақпаратты көруге, сондай-ақ деректерді ұсынуға келісімдерін басқаруға мүмкіндік берді. Фокус-топ банктердің 3 мобильді қосымшасын (IOS/Android) сынап көрді.

Түсінгеніміздей, клиенттің ағымдағы шоттары туралы банк­тер арасында тек оның келі­сі­мі­мен деректер алмасу жүзеге асады. Со­нымен қатар клиенттер бір банк­тің қосымшасын пайда­лану арқылы әртүрлі қар­жы институт­тарындағы шот­та­рының мәліметтеріне қол жет­кізе алады.

Ұлттық банктің хабарлауынша, қанатқақты жобаның нәти­же­лері ашық банкинг шын мәнінде, пайдаланушылардың заманауи талаптарының ажырамас бөлігі болып саналатынын және сонымен бірге қаржы нарығын бел­сенді дамыту үшін негіз құра­тынын растады.

Сарапшылардың айтуынша, қазір ашық банкинг әлемдік қар­жы индустриясын өзгертіп, банк­тер, банктік емес қаржы инсти­туттары және қаржылық қызмет көрсетуші үшінші тарап арасында клиенттердің қаржылық деректерін қауіпсіз алмасуға мүм­кіндік береді. 2023 жылы әлемде ашық банкинг даму тенденциясы байқалды. Ашық банкинг моделін енгізген және енгізу немесе бастама кезеңінде тұрған елдер саны 100-ге жуықтайды. Ұлыбританияда, ЕО-да, АҚШ-та, Бразилияда және Азия елдерінде – Сингапурда, Гонконгта, Жапо­ния­да енгізудің сәтті мысалдарынан кейін ашық банкингке негізделген шешім­дер­дің артық­шылықтары мен құнды­лығы ай­қын болды.

Қазір әлемде Open Banking аясында жасалған операция көлемі 57 млрд долларға бағаланады. 2027 жылы бұл көлем 330 млрд дол­ларға дейін жетеді деп болжанып отыр. Ал операция саны 102 млрд-тан 508 млрд бірлікке дейін ұл­ғаймақ.

Финтех-нарықтың дамуы бір­неше негізгі бағыттарда көрініс табады:

  • NFC, QR және мобильді P2P аударымдары сияқты контактісіз төлем әдістері енгізіліп жатқан қолма-қол ақшасыз төлемдердің өсуі тәулік бойы транзакцияларды жүргізуге мүмкіндік береді және қашықтан сәйкестендіру тетік­те­рін қолдану арқылы үдерістерді жеңілдетеді. Қазақстанның қар­жы нарығы цифрландыру және қыз­меттердің қолжетімділігі ба­ғы­тында белсенді дамып жатыр. Республика инновациялар бо­йынша Орталық және Оңтүстік Азия­ның үздік 3 елінің қатарына енді және оның өсу қарқыны оны аймақтағы ең жылдам дамып жатқан финтех нарықтарының бірі ретінде жіктеуге мүмкіндік берді.
  • Цифрлық экожүйелерді қа­лып­тастыру және дамыту, пай­даланушылардың әртүрлі қажет­тіліктеріне бағытталған өнімдер кешенін құру. Бүгінде елі­міз­де­гі әрбір банк дерлік пайда­ланушыларға өзінің мобильді қо­­сымшасын ұсынады. Қазақ­стан­­ның финтех индустриясында төлем компаниялары, көп функционалды төлем қызметтері мен қосымшаларын жасайтын жеке ойыншылар – TypiPay, Simply, Wooppay бар. Компаниялар Buhta.kz, Uchet.kz, MyBuh.kz ұсынған B2B сегментін бір­қа­лып­ты ен­гізуде.
  • Қаржы нарығына қатысу­шы­лардың жаңа трендтік тех­нология­лар мен цифрлық инновацияларды белсенді енгізу. Аналитика мен болжау үшін жасанды интеллект пен машиналық оқытуды, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін таратылған тізілім технологияларын пайда­ланатын жобалар нарыққа қа­тысушылар арасында танымал бола түсуде.

Бұл ретте біздегі қаржы жүйесі біршама банктік орталықтандыру үлгісімен сипатталады. Бүгінгі таңда банк­тер жабық экожүйелерді қа­лыптастыруда, бұл өз кезегінде қаржылық қызметтердің жоғары шоғырлануына ықпал етеді және қаржы нарығында бәсекелестік пен кооперацияның дамуына ке­дергі келтіреді.

Open Banking тұжырым­да­ма­сын енгізу бойынша нарықты ынталандыру қаржы нарығының дамуына оң әсерін тигізеді және мынадай факторларға әсер етеді деп күтілуде:

1) Елде ашық қаржылық орта қалып­тастыру.

2) Қаржы нарығындағы бәсе­ке­ге қабілеттілікті дамыту және қол­дау.

3) Азаматтар үшін қаржылық деректерге қол жеткізудің, бақы­лау­­дың және басқарудың тұжы­рым­дамалық жаңа деңгейі.

4) Инновацияларды ынталандыру және ұсынылатын қаржы­лық қызметтер мен өнімдер тізбе­сін кеңейту.

5) Цифрлық экономика жағда­йында тұтынушылардың құқық­та­рын қорғауды қамтамасыз ету.

6) Қаржы нарығының барлық қа­тысушылары үшін бірдей қол­же­тімді цифрлық қаржы инфра­құрылымын құру.

Қаржы нарығының барлық қатысушыларының мүдделеріне сәйкес келетін теңдестірілген бә­се­­келестік ортаны құру үшін Open API және Open Banking тұ­жы­рым­дамасын енгізу шеңбе­рінде қатысушылардың алдына қойылған мақсаттар, сондай-ақ жақын арадағы міндеттер айқын­дал­ды.

Белгіленген мақсаттарды іске асыру шеңберінде тиісті міндет­тер қалыптастырылды.

Қазақстанда open API және Open Banking дамытудың негізгі мақсаттары:

  • Елде ашық қаржылық эко­жүйе қалыптастыру;
  • Инновацияны ынталандыру;
  • Қаржы нарығы қатысушы­ла­рының бәсекеге қабілеттілігін дамыту және қорғау;
  • Азаматтардың мүддесі мен деректерін қорғау.

Ашық банкингті енгізу қар­жы нарығын дамытуда елеулі әлеуетке ие және банк жүйесіне қа­зіргі заманғы трендтерге сүйе­не отырып, жаһандық аренада бәсекеге қабілетті болуға мүм­кін­­дік береді. Осылайша, ашық банкинг бүкіл экономикаға перс­пектива беретін әмбебап құралға айналады. Қазақстанда ашық банк­инг бойынша қанатқақты жо­ба­ны жүргізу барысында елі­міз­дің қаржы секторын жаң­ғыр­ту контекстінде осы тұжы­рым­­­даманың маңыздылығы мен та­быс­­тылығын көрсететін маңыз­ды қорытындылар жасалды.

Қанатқақты жобаның нәти­же­лері ашық банкинг шын мәнінде, пайдаланушылардың заманауи талаптарының ажырамас бөлігі болып табылатынын және сонымен бірге қаржы нарығын бел­сенді дамыту үшін негіз құра­тынын растады.