Аймақтар • 05 Ақпан, 2024

«Қоян аулап, қолға түсті»: Браконьерлерге қарсы іс-шара өтіп жатыр

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Заңсыз аң аулау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерінің жолын кесу мақсатында Абай облысы аумағында полиция қызметкерлері 1 ақпанда бастаған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы 29 ақпанға дейін жалғасады, сол орайда браконерьлікпен айналысқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қоян аулап, қолға түсті»: Браконьерлерге қарсы іс-шара өтіп жатыр

Фото: Arctic Hare 1.jpg

Polisia.kz баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, рейд кезінде «Ертіс» бекетіндегі патрульдік полиция инспекторлары облыс орталығы кіреберісінде 67 жастағы Семей тұрғыны басқарған Volkswagen көлігін тоқтатып, багаждан рұқсат құжаттары жоқ 3 қоян етін тапқан.

Хабарламада: «Полиция бөліміне жеткізілген ол Бесқарағай ауданы аумағындағы орманда жануарларды өлтіріп, сойғанын мойындады. Аңшылық ережелерін бұзу фактісі бойынша залал келтіре отырып, әкімшілік іс жүргізу басталды», делінген.