Спорт • 05 Ақпан, 2024

Әлем чемпионы күміс медальді місе тұтты

2131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін 67 кг салмақта сынға түскен Сайрамкез Ақмолда күміс медаль иеленді, деп жазады Egemen.kz.

 

Әлем чемпионы күміс медальді місе тұтты

Фото: olympic.kz

Жасөспірімдер шағында әлем чемпионы, Азия біріншілігінің жүлдегері атанып, өзінің әлеуетін танытқан Сайрамкез ересектер дуына алғаш қосылғанда жарқырап көріне алмады.

2021 жылы 19 жасында Азия чемпионатын 6-орынмен аяқтады, былтыр әлем чемпионатында 12-сатыға тұрақтады. Биыл міне құрлық додасында қоссайыс қорытындысында 292 кг (126+166) күміспен күптелді. 

Азия чемпионы атағы солтүстіккореялық  Ри Вон Чжуға бұйырды. Кәріс атлеті жұлқи көтеруде 137 кг зілтемірді ауырсынған жоқ. Серпи көтеруде 180 килоға тапсырыс беріп, еңсерді. Үшінші мүмкіндігінде 189 кг зілтемірді көтеруге шыққан. Егер күші жеткенде әлемдік рекордты жаңартатын да еді, десе де көтере алмады.