Оқиға • 06 Ақпан, 2024

«Пара алудың қылмыстық схемасын құрастырған». «Ертіс орманы» басшысы қамауға алынды

1439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Ертіс орманы» басшысы пара алды деген күдікке ілінгененін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Пара алудың қылмыстық схемасын құрастырған». «Ертіс орманы» басшысы қамауға алынды

Фото: 24KZ

Ол қарамағындағы қызметкермен бірлесіп іскерлік орманды заңсыз кесіп, сатқаны үшін кәсіпкерлерден пара алудың қылмыстық схемасын құрастырған.

«Ертіс орманы» басшысы А.Бектеміров жымысқы әрекетін қызметкерлерінің көмегімен жүзеге асырған. Оларды сырттай басқару арқылы жүйелі түрде төлем алып отырған. Антикор оның банктік шотына түсіп отырған параның қысқаша үзінділерін де жариялады.

26 қаңтарда тергеу сотының санкциясымен Резерват А.Бектеміров басшысы 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Сонымен қатар Резерваттың бес бухгалтеріне де қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар 2021-2023 жылдар аралығында өздерінің карточкалық шоттарына, сондай-ақ мекемеде жұмыс істейтін, бұрын қызмет атқарған жұмысшыларының шоттарына артық жалақы есептеп, ақша аударып отырған. Есепшілердің 25 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны белгілі болды.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. Мемлекетке келтірілген материалдық залал ішінара өтелді.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, «Ертіс орманы» Мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ 2003 жылы қаңтар айында құрылды. Жалпы ауданы 277 мың гектарды құрайды. Оның ішінде 160 мың гектар орман алқабы.