Медицина • 06 Ақпан, 2024

Жаңа құрылғы таныстырылды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында жаңа медициналық құрылғы сынақтан өтті.

Жаңа құрылғы таныстырылды

Суретте: медициналық жаңа құрылғы сынақтан өтіп жатыр

Дәрігер-хирург Асқар Тұрарбеков және Абылай Алтайұлы өт-тас ауруымен, дәлірек айтсақ, созылмалы калькулезді холециститпен ауруханаға түскен науқасқа лапароскопиялық холецистэктомия отасын сәтті жасап шықты. Операция жаңа құрылғы – Mindray 4k бейне эндоскопиялық жүйесі арқылы орындалды.

Хирург Асқар Тұрарбеков аталған аппаратқа жоғары бағасын беріп отыр. Себебі, бұл құрылғы науқастың ауруға шалдыққан дене мүшесін айқын көрсетіп, отаның сәтті өтуіне ықпал еткен. Дәрігерлер ота кезінде тіпті көздерінің ауырмағанын алға тартты.

Медициналық мекеменің директоры Айман Ракишеваның сөзінше, аппаратты сынақтан өткізу – дұрыс таңдау жасалғанның нақты дәлелі болса керек. Сондай-ақ ол эндоскопияны ешқандай ауырсынусыз әрі қауіпсіз түрде жасауға мүмкіндік ашылғанын атап өтті.

Өз кезегінде хирург Абылай Сәкенов құрылғының негізгі функциялары сенсорлық экран арқылы жүретінін түсіндірді. Мониторнауқастың дертке шалдыққан жерін дәл табуға көмектескен.

Қонаев қаласының дәрігерлері үшін бұл жабдық – лапароскопияға арналған таптырмас құрылғы саналады.

Мамандар Mindray HD-3-ті жалпы хирургиядағана емес, сонымен қатар кеуде хирургиясы, урология, гинекология, ортопедия және басқа салаларда да қолдануға болатындығын айтады.


Алматы облысы.