Тағайындау • 06 Ақпан, 2024

Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрі болып қайта тағайындалды

332 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрі болып қайта тағайындалды

Фото: Алексей Никольский

Мұрат Нұртілеу 1976 жылы Алматы қаласында туған.

1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған.

1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі.

1999-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы атташесі.

2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.

2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.

2007 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы.

2007 жылы – Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Аппараты басшысының орынбасары.

2007-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Аппаратының басшысы.

2011 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2011 жылы – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің директоры.

2011-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл.

2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.

2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2022 жылғы қаңтар – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.

2022 жылғы 1 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.

2023 жылдың 3 сәуірінен осы уақытқа дейін ҚР Сыртқы істер министрі лауазымында қызмет атқарады. 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03