Тағайындау • 06 Ақпан, 2024

Президент жаңа Денсаулық сақтау министрін тағайындады

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл қызметке Ақмарал Әлназарова тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент жаңа Денсаулық сақтау министрін тағайындады

Фото: Парламент сенатының баспасөз қызметі

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды», делінген ресми хабарламада.

Білімі, мамандығы, лицензиясы:

  • Алматы мемлекеттік медицина институты (1994).
  • «Педиатрия» мамандығы».
  • Қорқытау Университеті (2006).
  • «Экономист» мамандығы Экономика бакалавры.
  • Қазақстанда да, шетелде де қосымша оқудан өтті.
  • Ұйымдастырушы-жоғары санатты гигиенист, жоғары санатты дәрігер-педиатр.

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

  • Медицина ғылымдарының докторы (2010).

Еңбек өтілі:

  • Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігері;
  • Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Қызылорда филиалының кіші ғылыми қызметкері (1997-1999);
  • Бөлім бастығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары (1999-2001);
  • Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері (2001-2003);
  • Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы (2003-2004);
  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің облыстық басқармасының бастығы (2005-2007);
  • Қызылорда медициналық колледжінің директоры (2007-2013);
  • Қызылорда облысы әкімінің орынбасары (02.2013-12.2014);
  • Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы (12.2014-11.2015);
  • Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (11.2015-04.2019);
  • «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (04.2019-06.2020).

Сайланбалы қызметтері, депутаттық:

  • Облыстық мәслихаттың IV және V шақырылымдарының депутаты, Әлеуметтік сала және мәдениет мәселелері жөніндегі комиссияны басқарды;
  • Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына Кандидат (06.2020).

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:

  • «Парасат» ордені;
  • «Құрмет» ордені;
  • Медалдері: «Шапағат», «Астанаға - 10 жыл»;
  • «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі;
  • «Nur Otan» партиясы Қызылорда филиалы төрағасының Алғыс хаты (06.2020).